Талдысай негізгі мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!!!

Title




       

      


2017-2018 оқу жылындағы Тамды орта мектебі бойынша Қамқоршылық Кеңесінің   хаттамасынан көшірме №1

Өткізілген күні: 31.01.2018 жыл

Өткізілген орны: Тамды орта мектебі

Қоғамдық тыңдау Тамды орта мектебінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтті.

Қамқоршылық Кеңесін тыңдауға қатысқандар

1.Мектеп директоры Алтын Жамансарина

2.Тамды орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Асылжан Жақан.

3.Тамды орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жанар Кайруллина

4.Тамды орта мектебінің оқу-тәрбие ісі орынбасары Қызғалдақ Утегенова

5. Тамды орта мектебінің тәрбие ісі орынбасары Лаура Сағымбаева

6. Әлеуметтік педагог Майгүл Рамбаева

7. Мектеп психологы Гүльшат Сембекова

8.Кәсіподақ ұйымының төрайымы Кульбаева Куралай

9.Ата-ана кеңесі мүшелері, сынып жетекшілер, ата-аналар -55           

                       

Күн тәртібінде:

1.«Мектептердегі қамқоршылық кеңестердің қызметі» Кульбаева К                                                                   

2. «Демеушілік және қайырымдылық туралы» Хайруллина Ж

3. «Қамқоршылық Кеңестің 1 жартыжылдық есебі» Рамбаева М

1.Қамқоршылық Кеңесінің жиналысын мектеп директоры А.Жамансарина ашып, күн тәртібі мәселесінің регламентін дауысқа салып, бекітті. Бірінші мәселе бойынша Кульбаева Куралай «Мектептердегі қамқоршылық кеңестердің қызметі» тақырыбына баяндама оқып, Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасы мен білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алды. Қамқоршылық кеңестері-қоғамдық білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі.Қамқоршылық кеңестері-тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес,білім беру ұйымдарының,ең маңыздысы-азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы.Білім беру ұйымының әкімшілігімен ,ата-аналар комитетімен,жергілікті атқарушы органдармен,мүдделі ведомоствовалармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.Қамқоршылық кеңесінің құқықтық статусы екі түрде орнатылуы мүмкін,ол заңды тұлғаны құру жолымен де,құрмай - ақ та қызмет жасай алады./баяндама тіркелді/

2. Екінші мәселе бойынша Ж.Хайруллина «Демеушілік және қайырымдылық туралы » тақырыбына баяндама оқып, Қайырымдылық туралы ҚРЗ 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-Ү-ҚРЗ, Қоғамда қайырымдылықтың рухани –адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру ,қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылықтың басты мақсаты болып табылатынын, білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау болады.Сонымен қатар,қайырымдылық көмекке тарту және білім беру ұйымының оны жұмсау мен мақсатты бөлу жөніндегі шешімдерді мақұлдау.Білім беру ұйымының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне жасалған жағдаймен таныс болу.Білім беру ұйымы басшысының мекеме қызметі бойынша есебін /қайырымдылық көмектің жұмсалуы,жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайлары жөнінде ,тыңдау болып табылады,- деді. /баяндама қосымша тіркелді/

3.Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог М.Рамбаева «Қамқоршылық Кеңестің 1 жартыжылдық есебі» берілді.1-ші тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол акциясы»ұйымдастырылып 55 оқушы 333 мың тенге көлемінде көмек көрсетілді.Қамқорлыққа алынған және күн көрісі төмен,көп балалы отбасы балаларына демеушілік жасалынды. «Тамды ПГС» ТОО Испанов Аслан оқушыларға жаңа жылдық мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында күн көрісі төмен отбасына-2 ,көп балалы отбасына -28,қамқорлыққа алынған -1,балаларға демеушілік жасап ,сыйлықтар табыс еттті. Мектеп оқушыларына арнап су ішетін су бүршігін сыйлық етті.Мектеп әкімшілігі көпбалалы отбасының -10,мүмкіндігі шектеулі -2 оқушыға жаңа жылдық сыйлық берді.Астана қаласынан келген «Самұрық шығармашылық орталығынан» өткізген 1-4 сынып оқушыларының Жаңа жылдық шыршасында тегін 45 оқушы шырша мерекесі кіргізілді.Жалпы ақысы -700 тенге.

   Ата-аналар /Жаманбаева Ж. Аймова Г, Сырбова А/ өздерін толғандырып жүрген сұрақ сауалдарға жауап алып, бала тәрбиесіне байланысты өз ой- пікірлерімен бөлісті.

Қамқоршылық Кеңесі қаулы етеді:

1. «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру мақсатында танымдық –тәлімдік іс-шаралар жалғастырылсын.Білім беру процесін басқаруда, тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әркеттестігі, ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне , белсенділік ролі күшейтілсін.

2.Жас ұрпақтың білім сапасына ата-аналар назары аударылсын, мектепте қайырымдылық қызметін жүзеге асыру және пайдалы іс-әрекеттері нәтижелерін насихаттау жұмысы күшейтілсін.

3.Мектептің әлеуметтік педагогы М.Рамбаеваның 1 жартыжылдық есебі «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.

                                    

               

                Қамқоршылық Кеңес төрағасы                   А.Жакан

               Қамқоршылық Кеңес хатшысы                   М.Рамбаева



«Тамды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің құрамы

Аты-жөні

Жұмыс орны

Қызметі

Қамқоршылық кеңестегі қызметі

Өсербай Елтай Узакбаевич

«Өсербай» ШҚ.

«Өсербай» ШҚ.басшысы

Кеңес төрағасы

Аманов Мырзагали Елеусизович

ШҚ «Медет»

ШҚ «Медет» басшысы

Кеңес мүшесі

Ешпанов Оралбек Куанышпаевич

Алға аудандық ІІБ

Алға аудандық ІІБ учаскелік инспекторы

Кеңес мүшесі

Медеуова Асемгуль Камбаровна

ЖШС «АкТеп»

ЖШС «АкТеп» күзетші

Кеңес хатшысы

Жакан Асылжан Жаксылыкович

ЖШС «КазТрансГаз»

Алға қаласы газ шаруашылықтың линия аралаушысы

Кеңес мүшесі

Жуков Кирилл

ЖШС «ЮВСГ»

ЖШС «ЮВСГ» бұрқылаушы

Кеңес мүшесі

Есенгарин Есен Тукенович

ШҚ «Төрегали»

ШҚ «Төрегали» басшысы

Кеңес мүшесі

Тлегенов Рустам Кудайбергенович

ШҚ «Қудайберген»

ШҚ «Қудайберген» басшысы

Кеңес мүшесі

Жумабаева Перизат 

ЖШС «БЖК»

ЖШС «БЖК»  оператор

Кеңес мүшесі