Талдысай негізгі мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!!!

Нормативные документы

     



                            Новоукраин негізгі мектебінің

2016-2017 оқу жылындағы тәрбие  
    жұмысына сараптама

 







Новоукраин негізгі мектебі бойынша 2016-2017 оқу жылындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасының орындалуы туралы жылдық есеп.

Новоукраин негізгі мектебінің 2016-2017 оқу жылына арналған  тәрбие жұмысының жоспары тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарын, «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегияларын, «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын ,ҚР  БҒМ 2015 жылғы 22.04. №227 бұйрығына сай Тәрбие тұжырымдамасын ,Актөбе облысының тәрбие жұмыстарының 2013-2020 жылдарға арналған Бағыт-бағдарламасын,  басшылыққа ала отырып, 9 бағытта құрылды.

 Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Кушенбаева М.С білімі-жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемелекеттік университетін «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі-13 жыл, лауазымы бойынша -4 жыл.

Тәрбие жұмысының жоспарын жасауда мектептің өзекті мәселесі басшылыққа алынды. Мектеп бойынша тәрбие жұмысының өзекті мәселесі : «Жеке тұлға бойында азаматтық белсенділік,білімділік қалыптасқан Отансүйгіш,өзіндік шығармашылық қабілеті бар қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін білетін патриот тұлғаны тәрбиелеу.

                          2016-2017 оқу жылына қойылған мақсаты:
Туған өлкені сүю,табиғатын қорғау, халықтың рухани байлығын насихаттау,салт –дәстүрін дәріптеу,адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрету.

Міндеттер:

1. Денсаулығы зор рухани адамгершілікті тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жұмысын құру және дамыту.
2.Балаларды,азаматтыққа,отансүйгіштікке зиялылыққа адам құқықтары мен бостандықтарын,мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
3. Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлі негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.
4.Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
5..Сынып ұжымын қалыптастыру

Оқу жылының басында 2015-2016 ж атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2016-2017 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: класс жетекшілер тағайындалды,оқушылардың және ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді,класс бөлмелері бекітіліп,белгіленді.
Сонымен қатар тәрбие-шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты.Оның ішінде класс жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді,бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды.

класс  арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.

    Сонымен қатар жолда жүру  ережесін оқыту бағдарламасын , зиянды заттарды қолданудың   алдын алу бағдарламасын , өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасын , рухани-жыныстық тәрбие бағдарламасы ,  ЖҚТБ және оның алдын алу мәселелері бағдарламасын ,  ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.

   Жыл басында даталы мерекелік апталықтар класс жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.

Мектепте  «Бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі №4-06-5/  147 хаты негізінде  2011 жылғы

 6 шілдеде «Бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы » Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған.

Мектеп тәлімгері қызметін  Құлжан Арайлым  Оразайқызы атқарды. Білімі-арнаулы орта    Еңбек өтілі -2 жыл.  Лауазымы бойынша -1 жыл.

Тәлімгер нормативтік құжаттарға сүйеніп 2016-2017 оқу жылына жоспарын құрып, сол жоспар бойынша жұмысын жүргізді. «ЖасҰланның» мәліметтер базасы құрылып,бекітілді.

Оқушылар ұйымының құрамы сайланып, «ЖасҰлан» балалар ұйымының  Ұланбасы сайлауы өткізіліп, Ұланбасы болып 9 класс оқушысы Төлеген Сания  сайланған. «ЖасҰлан кеңесінің мүшелері туралы толық мәліметтер жинақталып, оқушылар ұйымының отырыстары уақытында өткізілген.

Ұйымның төменгі буынына «Жас Қыран» 2-4 класс оқушылары, «ЖасҰлан» 5-9 класс оқушылары  қабылданған.

«ЖасҰлан» балалар ұйымына қабылданған оқушылар санының көрсеткіші төмендегідей:

Оқу жылы

Оқушылар саны

«ЖасҰлан»

«ЖасҚыран»

Барлығы

2016-2017

          43

   18

     19

  37

«ЖасҰлан» балалар ұйымы мынадай жұмыстар жүргізді:   «Ұстаз ұлы тұлға » «Қарттарым аман сау жүрші » атты мерекелік бағдарлама, « Оқу және еңбек» әңгіме , «Бір-бірімізді  түсініп , мейірім сыйлайық»  атты кеш ұйымдастырды. Жоспар бойынша мектепішілік тәрбиелік іс-шаралары уақытылы өткізіліп, материалдары жинақталды.  Мектепішілік ата-аналар жиналысында:  «Мектеп мұғалімдерінің көмекшісі болу әрбір ата-ананың борышы» баяндама,   «Ағам және мен спортшымыз шетімізден »  сайыс,  «Ата-ананың махаббаты»  тренинг өткізілді.   Алға ауданы әкімінің шыршасына  көпбалалы  отбасындағы оқушылар қатыстырылды.

 Қазақстан Республикасының Президенті  Н.А. Назарбаев белгілеген «Мен өз Отанымның патриотымын»  2016- 2017 оқу жылындағы Білім күнінің ұраны болуы,тиіс деп айтқан. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған,   оқушылар  мен  аяулы  ұстаздардың  асыға  күткен  1-қыркүйек  білім күні мерекесі «Сыңғырла, Алғашқы қоңырау!» салтанатты жиыны өткізілді. Дәстүрлі мерекенің ең басты қонақтары – 1 класқа келген 6 оқушы мектеп табалдырығын аттады.  1-қыркүйек  Білім күніне арналған салтанатты жиынының жалғасы  3-9 кластарда «Мәңгілік ел» тақырыбындағы  патриоттық актісі шеңберінде  өткізілген сынып сағаттарымен ұласты.


     Қыркүйек айының  7-сі күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы өткізіліп, оқушыларға оқушы ережесі мен құқықтары таныстырылды. Ұйым белсенділері сайланды.

«Отбасы апталығы» төмендегі жоспар бойынша өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылға 1 наурыздағы № 511 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күнінің атап өтілуіне байланысты «Отбасы бақыт мекені»  атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстандық отбасының жалпы келбетін насихаттау, жеткіншек ұрпақты адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер іс-шаралар ұйымдастырды.


    

     Балаларды жол-көлік оқиғаларынан жарақаттанудың   алдын – алу  мақсатында  «Назар аударыңыз бағдаршам!» онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.
      Оқушыларды жол ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын  дамыту.Іс-шара барысында оқушыларға жолда жүру ережесін қатаң сақтау, оны бұзбау, бағдаршамға қарау, көлік алдынан жүріп өтпеу сияқты қағидаларды сақтау ескертілді. 5-9 сынып оқушылары арасында «Назар аударыңыз бағдаршам» тақырыбында  сыныптан тыс  іс шара ұйымдастырылып, оқушыларға жол ережесі туралы видеоролик көрсетіліп,ескерту белгілері таныстырылды.Әр сыныпта «Жол көлік ережесі мен тәртібі»  тақырыбында  тәрбие сағаттары өтіп, сауалнамалар алынды. «Назар аударыңыз бағдаршам!» қабырға газеті шығарылды.

 


      Қыркүйек айының 28-і күні «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен жиналыс өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе оқушылардың тәртібін қадағалау, білім деңгейін тексеру болды.
        1-қазан  Халықаралық Қарттар күні  болып тойлануына байланысты мектепте «Қарттарым асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Шақыру билеттері шығарылып, ауыл қарияларына таратылды.Концертке ауыл қариялары келді, мектеп ұжымының атынан оларға дастархан жайылды.Ауыл қарттары арнайы шақыру алып осы мерекелік концертке келіп, көңілдерін көтеріп, оқушыларға өздерінің ақ баталарын беріп, алғыстарын айтып кетті. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының мүшелері келген қарияларға өз өнерлерін көрсетті. Мектеп әкімшілігі ауыл қарияларын құттықтап, оларға өз тілектерін білдірді.

 

 

        Қазан айының алғашы жексенбісі ұстаздар күніне байланысты 5- қазан күні ұстаздар күні аталып өтілді «Жас ұлан» ұйымының оқушылары ұстаздарымызға арнап мектеп ішін безендіріп, ұстаздарға арналған ашықхаттар берді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Ұстаздар күні  «Ұстаз-оқушы сәулеті» атты мерекелік шарада  оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар ұйымымен «Өзін-өзі басқару» күні жүйелі ұйымдастырылып , ұстаздарға концерттік шақыру таратылып, ұстаздарға арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты. Ұстаздар туралы «Ұстазым менің ұстазым» әні мен «Ұстазым» әндерін мектеп оқушыларының барлығы айтты. Тәуелсіздікке арналған  мерекелік  концертте 25-жыл мектебімізде жұмыс атқарған  ұстаз құрмет грамотасымен марапатталды. Мектебімізге  келген жас мұғалімдерге де өз ықыластарын білдірді. Концерттің соңында мектеп директоры  оқушылар ұйымына өз алғысын білдірді.

 



     5-қазан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының отырысы өтіп, оқушылардың аптадағы сабаққа қатысымы және олардың тазалыққа мән беру мәселелері қаралды.
     Алтын күзге байланысты «Күз сыйы» атты көрме өткізілді. Бұл көрмеге барлық класс оқушылары белсенді қатысты.Оқушылар өз қолдарымен асқабақ, картоп сияқты көкөністерден әр түрлі заттар жасады.  Бастауыш кластарға «күз кереметі» тақырыбында тал жапырақтарынан аппликация шығару тапсырылған болатын, осы тапсырманы барлық класс оқушылары ұқыпты орындап, қабырға газеттері ілінді.




    

      1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күніне «Елбасы – елдің тұтқасы»  атты  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Барлық  оқушылар осы күнге белсене қатысты. Оқушыларға тұңғыш президентіміздің өмірбаяны, еңбек жолы туралы толық мағұлмат берілді. Оқушылар ән айтып, тақпақ айтып, би билеп көрермендерге бар өнерлерін көрсетті. Осы күнге орай  « Елбасы – елдің тұтқасы» атты қабырға газеті шығарылды.


    2016 жылдың желтоқсан айының 14-жұлдызында Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына арналған онкүндік іс-шараларының бірі, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5 сынып оқушыларын салтанатты қабылдау рәсімі аталып өтті.Кеше ғана бастауыш білімімен сусындап, орта білімге аяқ бастап, үздік оқумен өзгелерге үлгі болған төмендегі «Жас Қыран» буыннан өтіп, 5-ші сыныптың 3  оқушысы «Жас Ұлан» қатарына қосылып,  қоғамдық өмірде, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып , ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ант берді.Қазақстан Республикасының туының түсіндей «Жас Ұлан» галстуктері мен төсбелгілерін тағу Мектебіміздің директоры Айбек Нұрмановичке, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медет Мусабаевичке және ұлағатты ұстаз Балжан Касеновнаға берілді.


      Осы салтанатты жиын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  орай « Қазақстан Патриотымын» атты патриоттық  әндер кешімен жалғасын тапты. Концерт желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Оқушылар бұл концертте тек патриоттық әндер орындады. Тәуелсіздіктің 25-жылғына арналған қабырға газеттері шығарылды.

          

    
      Келесі іс-шара жыл сайын балалардың әлде бір ғажайып болжаммен,тәтті үмітпен асығып күтетін қуанышы-Жаңа жыл мерекесі. Желтоқсан айында «Жаңа жыл» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Мектепте шырша құрылып, әр түрлі жаңа жылдық безендірулермен көркемделіп тұрды. Барлық  ұстаздар мен мектеп оқушылары осы жаңа жылды керемет көңіл күймен қарсы алды.  Мерекелік кеш басында мектеп директоры ауыл тұрғындарын, ұстаздарды, оқушыларды жаңа жылдарымен құттықтап, жаңа жылда жаңа бақыт, табыс, қуаныш, оқушыларға сабақтарын жақсы оқуын тіледі.Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі киімдер киіп келіп кештің сәнін келтірді. 5-9 сынып оқушылары да осы кеште өте белсенді болып, бар өнерлерін ортаға салып, керемет көңіл күйде болды. Аяз ата мен Ақшақар келіп оқушылармен бірге ән айтып, би биледі. Кеш соңында Аяз ата оқушыларға өз сыйлықтарын ұсынды. Көп балалы отбасынан шыққан екі оқушы және үйден оқытылатын бір оқушысы Алға мәдениет үйінде өткен  Алға ауданының әкімінің шыршасына қатысып, Аяз атаның қолынан сыйлықтар алып кайтты.
Тақырыбы: «Қыс келбеті»
Мақсаты: Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, суреттеуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу мақсатында оқушыларға қыс келбетін суреттеп беру тапсырылды.

 

 

 

 

     7-ақпан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының отырысы өтіп, оқушылардың аптадағы сабаққа қатысымы және олардың тазалыққа мән беру мәселелері қаралды.

1  Наурыз «Алғыс айту күнінде» мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне және осы мектепте жұмыс жасайтын қызметкерлердің барлығына рахмет айта отырып,  3-7 кластар аралығында «Ұстазыма  мың алғыс» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Оқушылар сыныпты безендіріп өз ұстаздарына, ата-аналарына алғысын білдіріп өлең шумақтарын, ән, би, жырларын шашу етті. Концерт соңында оқушылар кеш қонақтарының мойнына өз қолдарымен жасалған жүрекше тәріздес алқа жасап тақты. Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйретуге ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйренді.

  

      Наурыз  айының 6 күні «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен жиналыс өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе оқушылардың тәртібін қадағалау, білім деңгейін тексеру, наурыз айында болатын мерекелік іс-шараларға жауатыларды тағайындау болды.

 8 Наурыз Халықаралық  әйелдер мерекесіне арнап 1-9 сыныптар аралығында нәзік жандарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар мектепті безендіріп, аналарына, ұстаздарына  сыйлық жасады. Концерттік бағдарлама барысында оқушылар би билеп , ән  айтып өз өнерлерін көрсетті.  Бастауыш класс оқуышлары ата-аналарына өз қолдарынан жасап ашық хат сыйлады.

 

20- Наурыз Новоукраин негізгі мектебінде Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Жұмыстың мақсаты оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында атап өтілді. Әр класс оқушылыры ұлттық нақышта тігілген киімдер киіп келді. Қабырға газетін жасап мектеп фоесін безендірді. Бастауыш сыныптар арасында «Ал, қанекей, әжелер» атты сайыс өткізілді. Жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар қосылып «Сәлем саған әз Наурыз» мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өтте қызықты өтті. Концертке келген ата-әжелеріміз оқушыларға іс-шараларға белсене қатысқаны үшін алғысын айтып, ақ баталарын берді.  

 

 

« Ал қанекей әжелер» сайысы барысында әжелеріміз бірнеше номинация бойынша өз өнерлерін көрсетті. Сайысымыздың қорытындысы бойынша барлық қатысқан әжелеріміз мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Мектебіміздің өміріне қатысып, келешек ұрпаққа ата-бабаларымыздың дәстүрін өнеге еткен ақ жаулықты әжелерімізге мектебіміздің әкімшілігі мың рахметін айтты.

 

Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған мектебіміздің ауласын қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын бастап кеттік. Мектебіміздің таза да көрікті алаңға айналдыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Бұл сенбілікке мектеп ұстаздары, оқушылары және мектеп қызметкерлері қатысты. Іске кіріскендер тазалықты тапсырма берілгендіктен емес, өз мектебінің тазалығына, гүлденуіне арнайы уақыт бөлінгеніне ризашылықпен атқарып жатты.
Сенбілікке барлық мектеп қызметкерлері, оқушылары біріге атсалысты.

1 мамыр бірлік пен береке бастайтын дүниежүзілік Ынтымақ, Еңбек, Бейбітшілік күні біздің елімізде де «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні деп аталып өтіледі. Республиканың түпкір-түпкірінде ерекше сән-салтанатпен аталып өтетін көктемгі мейрамдардың бірі - 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні біздің мектепте де атылып өтілді. Бұл аталмыш мерекеге  1-7 сынып аралығында оқушылар қатыстырылып әр ұлттардың киімдерін, ұлттық билерін, әндерін нақышына келтіріп орындап шықты. Концерт соңында бірлік бар жерде тірлік бар демекші, барлық ұлт өкілдері қосылып флешмоб биленді. Сыныптар арасында суреттер салынып, қабырға газеттері ілінді.

 

Тақырыбы: «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар».
7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде Отан қорғаушылар күніне арналған әскери сапқа тұрғызу  сайыс өткізілді. Әскери сайысқа 3-9 класс аралығында оқушылар қатыстырылды. Сайысқа қатысушылар үш топтан құралды: «Тастүйін», «Жас Қыран», «Жас Ұлан» Сайыс барысында топ басшылары Бөлімше басшысына өз рапорттарын тапсырып, марштық жүріспен әндер шырқады, өз топтарын таныстырып, ұрандарын айтты. Әскери жүріс аяқталған соң әр топ нысанаға көздеп лақтырудан дротик ойынында жарысты, бұл ойынға әр топтан екі оқушыдан қатыстырылды. Келесі сайыс турникке тартылу сайысы болды әрі қарай сайысымыз эстафеталық ойынмен жалғасын тапты. Сайыс соңында әр топтан бір оқушыдан 1 км қашықтыққа жүгіру жарысымен сайысымызды аяқтадық. Қорытындылай келе «Жас Ұлан» тобы бірінші орын, «Жас Қыран» екінші  орын, «Тастүйін» үшінші орын иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталды. Аманияз Дана сайытарға белсен қатысқаны үшін алщғыс қағазымен марапатталды.

 

 

9- мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерт Ұлы Отан соғысының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Карабалина А.А барлық кеш қонақтарын бүгінгі ерекше айтулы мерекемен құттықтады. Концерттік бағдарламаға мектебіміздің барлық оқушылары ат салысып, өз өнерлерін көрсетті.Бастауыш класс оқушылар ардагерлерге өз өлең шумақтарын арнап, жоғарғы класс оқушылары ән шырқап би биледі. Концерт соңында барлық қатысушылар қосылып  «Атамекен» әнін шырқады.  «Ұмытылмас ерлік» атты қабырға газеттері шығарылып суреттер салынды.




25-мамыр  «Сыіғырла соңғы қоңырау!» тақырыбында салтанатты жиын мектеп алаңында өтілді. Салтанатты жиын сағат 10:00 басталды. Салтанатты жиын басында Т.Кибат мектеп директоры А.Турумовқа  рапорт беруден бастап, жүргізуші жиынды ашық деп жариялады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні жиын басында орындалды. Іс-шарамызға қонақ ретінде    ішкі істер бөлімі  басшысының орынбасары  Бошков Федор Михайлович  қатысты. Соңғы қонырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры А. Турумовқа берілді. Мектеп директоры оқу жылының аяқталуымен құттықтап, үздік оқушыларды, облыс, аудан көлемінде жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мен оқушыларды марапаттап өтті. Салтанатты жиын қонағына құттықтау сөз беріліп, мектебіміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Мектеп бойынша 9 класс түлектерімен 1 класс оқуышыларының дайындаған әдеби – монтажы тыңдалып шағын концерттік бағдарлама  орындалды.Көптен күткен соңғы қоңырау соғу құрметі 9 класс оқушысы Ұқсұқбай Алмат, 1 класс оқушысы оқу озаты Мусабаева Маликаға тапсырылды. Салтанатты жиын соңында мектебіміздің 10 жыл бұрынғы түлектері келіп өз тілек лебіздерін білдіріп өлеңдерін арнады. Салтанатты жиын өз деңгейінде өтіліп, «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымыз жабық деп жарияланылды.

  

 

 

 Новоукраин негізгі мектебінде 8 класс жетекшісі жұмыс жасады, олардың
 6-уы  жоғарғы  білімді , 2-уі арнаулы орта білімді . Әр класс жетекшісінің тәрбиедегі өзекті мәселесі анықталған және кешенді бағдарламаны басшылыққа ала отырып тәрбие жоспарлары құрылды. Сол жоспарлары бойынша жұмыс жүргізілді.Барлық класс жетекшісі өз класында тәрбие жұмыстарын үлкен ізденіспен , жеке тұлғаны жан-жақты дамуын қалыптастыру бағытында жүргізді.

 Тәрбие жұмыстары бойынша 3 класс жетекші жоғары деңгейде, яғни олар : Тлегенова Б.Б. 4 класс жетекшісі , Ілияс Н.Ұ. 3 класс жетекшісі , Буркиталина Б.К
 8  класс  жетекшісі.   Қалған  класс жетекшілер Жаниязова Ж.Т   1 класс жетекшісі. 6 класс жетекшісі Туманова Г.Б     5 класс жетекшісі  Кибат Т.У  7-9 класс жетекшілері Мухамбеткалиева К.Е,  Балжігітова А.І  жақсы деңгейде  жұмыс жасады.

 

 

   Алға аудандық білім бөлімінен келген қатынас қағаздар бойынша да көптеген жұмыстар жүргізіліп,жүргізілген жұмыстар туралы мәліметтер уақытылы тапсырылып отырды.

Новоукраин негізгі мектебінде барлығы 43 оқушы бар.Олардың ішінде күн көрісі төмен  және көпбалалы отбасынан шыққан 16 бала бар, .Бұл 16 балалардың барлығы да тегін оқулықпен және ыстық тамақпен толық қамтылды .

    Біздің мектебімізге қарасты микроауданда мектеп жасындағы балалардың мектепке тартылмай қалғаны жоқ.Оқушылар арасында наркологиялық , психоневрологиялық есепте тұратындары жоқ.Барлық оқушылар медициналық тексеруден өткен.

    Бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу процесінде құқықтық тәрбиенің орны ерекше.Осы орайда мектебімізде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқушылармен және ата-аналармен кездесу ұйымдастырдық.

Мектебіміздің психолог қызметін Калилина А.О  атқарды. Білімі –жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «психология бакалаврі » мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек өтілі -8 жыл, лауазымы бойынша -8 жыл.

Психологтың құжаттары толық , толық жинақталған  оқушылардан тест жұмыстары алынған. Дарынды, үлгерімі төмен  оқушыларымен , мектеп түлектерімен  ата-аналармен жұмыс жүргізілген.   Мектепте сенім жәшігі бар. Сенім жәшігіне түскен хаттар уақытында қаралып талқыланды.

Қорытынды:

Мектептегі тәрбие жұмысының орындалуы «қанағаттанарлық » деңгейде.

      2016-2017 оқу жылындағы тәрбие жұмысын қорытындылай келе әлі де болса мына жағдайларға аса көңіл аудару керек деп ойлаймын :

·        Мектептегі тәрбие жүйесінің дамуы

·        Мектеп пен ата-ананың тығыз байланысын орнату

·        Класс жетекшілерінің озық тәжірибелерін тарату

 

Кемшіліктер:

1.Қосымша бағдарлама бойынша сабақтарын журналға талапқа сай толтырмаған

 

 

 

   Ұсыныстар:

1.     Ең үздік  тәрбие сағаттарының бейне материалдары жинақталсын.

2.     Тәлімгерге әдістемелік көмек көрсетілсін.

3.     Жас мамандармен , бекітілген тәлімгерлерімен жұмыс түрлері жандандырылсын

4.     Оқушылардың күнделіктерін үнемі қадағалансын.

5.     Қосымша бағдарламалар дұрыс жүргізілсін